• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 21 Шілде, 2017

Отынның жаңа түрі – тиімділік кепілі

990 рет
көрсетілді

Еліміздегі ғылым мен білімнің ілгері қарыштап дамуында мұнай-газ өндірісінің өзіндік орны бар. Оған дәлел Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай мен газ кен орындарынан шикізат қорының табылуы. Ол Қызылорда облысындағы кен орындарының ғана емес, республикамыздың өндіріс орындары мен халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына да өз септігін тигізуде.

Мұнай, газ, көмір, уран және басқа да пайдалы қазбалар өнді­рі­сіндегі біржақты көзқарас, яғ­ни табыс көзіне айналдыру, өн­діріс барысында экологиялық қау­іп­сі­з­- ­дікті сақтамау, табиғи орта­ның зи­янды қалдықтармен ластануы бүгінде ғаламдық мәселеге айналып отыр. Әлемдік ғылыми орта мен экологтардың қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көңіл бөлуі, шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру, қор­ша­ған орта сапасына баға беру, бо­ла­шаққа болжам жасау және та­биғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырудың ма­ңыздылығы да осындай өзек­ті­ліктен туындаған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Қазақстанның энергия ресурс- тарын әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін қазір­гі заманға сай инженерлік және бағ­дар­ламалық қамтамасыз етумен қатар, ха­л­ықаралық стандарттарға сай қор­ша­ған ортаны қорғау қажет» деп атап өткен болатын. Демек, мұнай-газды өндірудің табиғи ортаға тигізетін зиян­ды әсерлерін азайту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Қазақстанда жылына мың­да­ған тонна өндірістік және ауыл­шаруашылық қалдықтары пайда болады. Кен орын­да­рындағы қалдықтардың негізгі бөлігін ашық резервуарларда жиналып, сақталған мұнай қалдықтары құрайды. Өз кезегінде ашық орын­­дарда жиналған мұнай қал­дық­тары жер қойнауына сіңіп, жерасты суларын, топырақ құ­нар­лығын, осы аумақтағы сирек кездесетін кейбір өсімдіктердің түрін жойып, күн сәулесі әсерінен ауаға тарап, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын нашарлатуда. Сондықтан мұнай өндіруші аймақтардағы мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және қай­та өңдеу, қоршаған табиғи ортаны қор­­ғаудағы негізгі мақсаттардың бірі бо­лып саналады. Қазіргі таңда мұнай өнді­руші объек­тілері тазалау қон­дыр­ғыларымен жабдық­тал­ға­нымен, мұнайды өндіру мен та­сымалдау кезінде қоршаған орта­ға кері әсерін тигізетін заттар­дан және іс-әрекеттерден толық арыла алмай отырғаны анық. Сон­дықтан табиғи жағдай үшін шы­ғыны аз, тиімді техника-тех­но­логиялық шешімдерді іздестіру ға­лымдардың алдындағы үлкен мін­дет. Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік универ­си­тетінің бір топ ғалымдары «Құрылыс жә­не мұнай салаларында қуат жә­не ресурс үнемдеуші техноло­гия­ларды әзірлеу және енгізу» та­қы­­рыбында жер қойнауындағы ши­кізат пен қазба байлықтарды ти­імді пайдалану бағытында көп жылдардан  бері зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Қатты мұнай қал­дық­тарын тауарлы өнім категориясына айналдыруға мүмкіндік беретін брикет отынын дайындау экологиялық-экономикалық мәселелерді шешу әдістерінің бірі болып табылады. Қазақстанда осы уақытқа дейін мұнай және көмір қалдықтарын өңдеп, қайта пайдалану мақсатында брикет отынын дайындауға арналған өндіріс ошақтары салынған емес. Қазіргі таңда көптеген жеке кәсіпорындар мұнай қалдықтарын жою мәселесін әртүрлі әдістер арқылы (жағу немесе жерге көму арқылы) шешіп келеді. Дегенмен, бұл әдістер эко­ло­­гиялық-экономикалық тұрғыдан кәсіпорындарға пайда алып келмейді, керісінше қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Мұнай кен орындары мен өн­ді­ріс орындарында жинақталған орга­ни­калық қосылыстардың жо­ғары құрамымен ерек­ше­ле­не­тін қатты мұнай қалдықтары – асфальт-шайыр-парафин шөгін­ділерін қолданып брикет отынын жасау бойынша бірнеше жылдардан бергі жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәти­же­сін­де брикеттеу процесінің тех­но­логиялық параметрлері анық­тал­ды. Ұсынылған құрамдағы брикеттелген отынды қолдану жергілікті мұнай кен орындарындағы жинал­ған асфальт-шайыр-парафин шө­гін­ділері қалдықтарын пай­да­лану мүмкіндігін кеңейтіп, қор­шаған ортаны зиянды заттардан қор­ғау бойынша түйткілді  мәсе­ле­лерді шешуге мүмкіндік береді. Брикеттелген отын жасау тех­нологиясы қарапайым кө­рін­ге­німен, ғылыми-техни­калық және жүйелік дай­ындаусыз бұл процесс өз нәти­жесін бермейді. Бұл технологияда ең маңыздысы брикет қоспасына қосы­ла­тын бай­ла­ныстырғыш заттардың қасиеттері мен мөлшерлік ара қа­ты­нас­тары­ның тиімді сәйкестілігі дер едік. Осы­ған байланысты брикет отынын дайындау техно­логиясын же­тіл­діру және жаб­дық­тардың өнім­ділігін арттыру мә­селесі қазіргі таң­да өзекті болып отыр. Асфальт-шайыр-парафин шө­гін­­ді­лерін, күріш қауызы және кө­мір­дің ұнтақ қалдықтарын пай­даланып брикет отынын алу әдісі тиімді технологиялық пара­мет­р­лерді ескере отырып жүзеге аса­ды. Мұнай және газ өндірісі кезінде бө­лінген қалдықтардан қоршаған ор­та­ға бөлінетін зардапты азайту не­гі­зінде, олардың бөлініп шығу те­гі­не байланысты сараптап, сонымен қа­тар, қалдықтарды екінші ресурс- ты ши­кі­зат ретінде қарастырып, әртүрлі өн­ді­ріс саласында пайдалану жобасы анық­талған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нә­тижесінде жоба авторларының қа­ты­суымен «Оңтүстік Қазақстан об­­лы­­сындағы аймақ­тық тех­но­бағы» ЖШС-мен келісім­ша­рт негізінде «Қы­зылорда облы­сы аумағындағы мұ­най кен орын­да­ры­ның қалдықтарын (ас­фальтты-шай­ырлы-парафинді шө­гін­ділер) пайдаланып брикет отынын дайындау» тақырыбындағы жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұ­мыстары жүр­гізіліп, өз тиім­ділігін көрсетті. Зерт­теу жұмыс­та­ры­ның нәтижесінде бри­кетті отын шығаратын өндірістік-тә­жірибелік қондырғының үлгісі дай­ындалып, аймақтық технопаркке өт­кізілді. Асфальт-шайыр-парафин шө­­гін­­ді­лерін қолданып брикет отынын жасау бойынша жүр­­гі­зілген тә­­жірибелік зерттеу жұ­мыс­та­ры­ның нәтижесі бой­ы­н­ша бри­кет­теу про­цесінің тех­но­ло­гия­лық па­ра­метрлері анықталды. Зерттеу нәтижесінде Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мем­ле­кеттік университетінің ға­лым­дары брикеттелген отынның құ­рылымдық үдерісін және олар­дың әртүрлі факторларға әсерін талдаудың қорытынды нәти­же­лері негізінде брикеттелген отын алу­­дың мүмкіндіктері көрсетіліп, нә­ти­жесінде 2 монография әзір­леп, 3 инновациялық патент пен 5 авторлық куәлік алынды және 50-ден аса ғылыми мақалалар жарыққа шығарды. Қорытындылай келе, профессор Қ.Бисенов және ғалымдар Л.Аруова, С.Иба­дуллаева, Н.Дау­жа­нов, Г.Дя­мур­­шаева, Р.Нар­ма­нов­а, С.Үдер­ба­евтардың «Құрылыс жә­не мұнай салаларында қуат жә­не ресурс үнемдеуші технология­лар­ды әзірлеу және енгізу» та­қырыбындағы ғылыми жұмысы ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығын иеленуге лайықты деп санаймын.

Серік ҚАБДОЛОВ,  Қ.И.Сәтбаев атындағы  Қазақ ұлттық техникалық  зерттеу университетінің   профессоры, техника ғылымдарының докторы,  Ұлттық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Соңғы жаңалықтар