• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 21 Шілде, 2017

Сутекті энергияның пайдасы шаш-етектен

487 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 көрмесі еліміз бен шет елдерден келген әр сала маман­да­рының пікір алмасатын, тәжірибе бөлісетін алаңына айналды. Қала­шық аумағындағы Конгресс орталықта сутекті энергияға қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Басқосуда медицина ғылым­да­ры­ның докторы, профессор, Ресей және Еуропа елдерінің еңбек сі­ңір­ген өнертапқышы, АҚШ, Ресей жә­не Қытай елдерінде алпысқа жу­ық патенттің авторы атанған Ашот Хачатрянның баяндамасы тың­дал­ды. Ол 1993 жылы Новосібірде су­тек­ті медицинаға арналған клини­ка­сын ашқан. Ғалымның пайымдау­ынша, патенттелген сутекті тех­но­логиялардың көмегімен жиі кез­десетін және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды құлан-таза емдеп шығуға болады. Осы уақытқа дейін профессордың клиникасында еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін 40 мыңнан астам адам емделіп шыққан. Дәрігердің емдеу әдісі апробациядан өтіп, қазіргі уақытта АҚШ, Сингапур және Қытайда қолданылып жүр. Ал Новосібірдегі клиниканың қазақстандық филиалы Астанада орналасқан. «Сутекті медицина Паркинсон ауруы, аутизм, тері обыры, сүт безі обыры, меланома, экзема (қышыма), буынның қабынуы, бронх демікпесі, жоғары қан қысымы және мүгедектікке алып келетін өзге де аса қауіпті дертті емдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, сутекті энергияны сұлулық саласында да қолдануға болады», дейді ғалым. Ашот Хачатрян енді үйге арналған сутекті генераторлардың нарықта кеңеюін көздеп отыр. Конференция барысында жинал­ған қауымға танымдық фильмдер көр­се­тіліп, сутекті энергияның мүм­кін­дік­тері түсіндірілді. Конфе­рен­ция­ға қа­тысушылардың назарына ұсы­ныл­ған ең қарапайым әдіс – судың ішіне су­текті дәріні салып ішсек, оның едәуір таза су екендігіне көзіміз жетеді. Мұның барлығы сутегінің қоршаған ортаны ластамайтындығымен байланысты.  

Соңғы жаңалықтар