• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 21 Шілде, 2017

Ұлыбритания өкілдерімен жүздесті

222 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясының төра­ға­сы Ах­метжан Есімов Ұлы­брит­а­ния­ның Сауда және инвестиция­лар ми­нистрі Грег Хэндспен және ұлт­тық секция комиссары Чарльз Хен­дри­мен кездесті. Тараптар бас­қо­су­да екі елдің қарым-қатынасы, ба­­ламалы энергетика мәселелері мен британ павильоны жайында әңгіме өрбітті.

Ұлыбритания – баламалы энергетика саласындағы көшбасшылардың қатарында. Сондықтан көрмеде ағыл­шын­дардың павильонына қызығушылық жоғары. Бүгінде мұнда 1 жарым миллион көрермен кіріп-шыққан.  «Халықаралық шараға барлығы  1 миллион 300 мың адам келді. Бас­тап­қы­да 2 миллион қонақ бас сұғады деп жос­­пар­лағанбыз. Жұрттың көрмеге де­ген қызығушылығын ескере отырып, бұл көрсеткішке қол жеткіземіз деген ой бар. Қатысушы елдердің басым бөлігі шараға жақсы дайындалыпты. Па­­вильондарда көптеген баламалы ин­но­вациялық жоба көрсетілген», деді бас­қосу барысында Ахметжан Есімов. Ал Грег Хэндс Астанадағы ЭКСПО көр­месінің жоғары деңгейде өтіп жат­қа­нын әңгімеледі.