Жиынның VI отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов сөз сөйледі. Ол алқалы басқосуда екі күндік конференцияның бағдарламасы қаржыландыру, инвестиция, инновациялық «жасыл технологияны» дамыту, баламалы қуат көздерін зерттеу, еңбек нарығы мен азаматтарды заманауи мамандықтарға оқыту тақырыптарын қамтитынын жеткізді. Сондай-ақ, ЭКСПО аумағында орналасқан үздік тәжірибелер павильонындағы ерекше жобалар толығырақ таныстырылатынын айтты. Спикерлер қатарындағы Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму министрліктерінің және Оксфорд университетінің өкілдері «жасыл энергетиканы» дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Бағдарлама шеңберінде өзге де шетелдік сарапшылар мен кәсіпкерлер, экологиялық таза қуат көздерін жаңғырту саласын инвестициялау тақырыбын талқылады. 29 маусымда басталған форум 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
ЭКСПО-2017
•
21 Шілде, 2017
Австрия табыстарымен танысты
134 рет
көрсетілді
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған бірқатар үздік тәжірибе «Болашақ энергиясы» форумының қатысушыларына толығырақ таныстырылды. Оның қатарында австриялық компанияның күн энергиясын шоғырландыру жобасы мен су электр стансаларына арналған құрал-жабдықтары бар.