• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 21 Шілде, 2017

Өзбек спортшысы елордаға аялдады

120 рет
көрсетілді

Өзбекстандық велосаяхатшы Хурсанд Шеров Астанаға табан тіреді. Мәскеуге бара жатқан ол ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін арнайы аялдаған. «Қазір бүкіл әлем Қазақстанға назар аударып, Астананы іздейтін болды. Көппен бірге біз де бұрылдық», дейді ол.

2240 шақырымды артқа тас­таған саяхатшы енді Қазанға жол жүрмек. Содан кейін Мәскеуге бағыт алады. Ол әнші Мүсілім Магомаевтың 75 жылдық торқалы тойын осылай атап өтпек болған.  Бұл – Хурсанд Шеровтің үшінші велосаяхаты. Бұған дейін Алтай, Сібір арқылы Қытай асқан. Ташкенттен Мәскеуге тіке тартқан кезі де бар. «Алдымен Бішкекке тоқ­тадым. Бірақ осы жаққа асық­тым. Мереке құшағындағы Ас­та­наны көргім келді. Міне, аман-есен жеттім. Жұрт той тойлап жа­тыр. Бәрі маған құрметпен қа­райтын секілді. Оларға Өзбек­с­тан­ның сә­лемін жеткіздім.  ЭКСПО-ға құтты болсын айтамын. Велоспортпен сегіз жылдан бері жаттығамын, енді сейіл құрып жүрмін», деп ағынан жарылды Х.Шеров.