• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2017

Достықтың кілтіне айналған кітаптар

165 рет
көрсетілді

Достық үйінде «Білім беру саласындағы татарлар: қабілеттілік, талант пен шабыт» және «Шөфкатьле йөрөклөр. Мейірбан жүректер» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Рәсімді Татарстан Республикасының  еңбек сіңірген өнер қайраткері Камилия Исмаилова басқаратын Шығыс Қазақстан облысының Татар қоғамдық орталығы  ұйымдастырды. Осы басылымдарда Семей қаласы татар диаспорасының дәрігерлері мен педагогтары туралы материал­дар жа­рия­ланған екен. Жинақтар татар мұра­ғатының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың, отбасылық мұрағаттар және әріптестерінің естеліктерінің   негізінде құрастырылыпты. Қос кітапта 120-дан астам белгілі және талантты адамдардың өмірбаяны ұсынылды. Бұлардың қатарында белгілі мұғалімдер, Ұлы  Отан соғысының ардагерлері, ғалымдар және дәрігерлер бар. Шараның ресми бөлігін кіріспесөзбен Татар қоғамдық орталығының төрайымы Камилия Исмаилова ашты. Ол кітапты шығаруға кө­мек­тескен  редакциялық кеңес мүшелеріне және Татар орталығының белсенділеріне  өз ризашылығын білдірді. Сонымен қоса, шара барысында Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі, профессор  Гүлфия Бадамбаеваны Татарстан Республикасының білім беру министрлігінің «Білім беру са­ласындағы жетістіктері үшін»  медалімен мара­паттады. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист СЕМЕЙ