• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2017

Шыңғыстықтар шежіресі

185 рет
көрсетілді

Биыл Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сексен бес жыл. Бүгінде құн­ды құжаттар мен бірегей экспо­нат­тардың таптырмас ошағына ай­налған мұражайдың экспозициясы 1800 шаршы метрді құрайтын 14 залдан тұрады. Тарихи жәдігерлер жинақталған орынға танымымызды тереңдетіп жиі бас сұғып тұрамыз.

Жуырда тағы бір тамаша құжатты қолымызға ұстап көр­дік. Отыз бір беттен тұратын құнды кітапша – 1906 жылы Қазан қаласындағы «Братья Каримовы» баспахана үйінде қатталған екен. Шежірені «Қарағанды қайы­рым­дылық мекемесі» медресе­сінің төрағасы Мехмед Билгин оқып аударған. Аудармадан ұққанымыздай, онда Шыңғыс ханның баба­ла­ры­ның шежіресі баяндалған. Жалпы, кітап – «Шыңғыстықтардың шежіресі» деп есімделген. Таптырмас тарихи құжат бұ­ған дейін Балқаш қаласында сақ­та­лып келген. Аталмыш мұра­жайға 2011 жылы Ахат Сүлей­ме­нов есімді азамат өткізіпті. Қазірде баға жетпес бай мұра музейдің «Жәдігерлер әпсанасы» деп аталатын бөлігінде тұр. 

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы