• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Шілде, 2017

«Ертіс» сырт алаңда «Црвена Звезда» командасына есе жіберді

120 рет
көрсетілді

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Павлодардың «Ертісі» сырт алаңда Сербияның «Црвена Звезда» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Жауапты кездесуде павлодарлық ұжымның бас бапкері негізгі құрамға өзгеріс енгізбеді. Кездесудің алғашқы минуттары жоғары қарқында өтті. Жерлестеріміз барынша сақ ойнауға тырысқанмен, 10-минутта доп жіберіп алды. Айып соққысынан Митчелл Дональд дәл соққы жасап, сербиялық ұжымды алға шығарды. Алаң иелерінің басымдығы бірден байқалмағанмен, ойын тізгінін ақырындап өз қолдарына ала бастады. Ал «Ертістен» Стефан Живковичтің белсенділігі байқалды. Павлодарлықтардың негізгі шабуылы да дәл осы Живковичтің қапталы арқылы өрбіп жатты.

Жерлестеріміз намысқа тырысып, таразы басын теңестіруді көздегенмен, алаң иелері басымдықты жібере қоймады. 77-минутта Славолюб Срнич сол қапталдан келген допқа бірінші болып жетіп, соңғы нүктені қойды.

Қос кездесудің қорытындысы бойынша жалпы есепте «Црвена Звезда» 3:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Павлодарда өткен бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.