• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2017

Шымкенттік өнертапқыш латын әліпбиіне өтудің оңай жолын ойлап тапты

242 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қарпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады.

ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. «Хакатон» марафоны Елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба.

Шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандардан құралған 50 адам қатысқан. Олардың ішінен 8 маманның жобасы үздік деп танылды.

Қуаныш Тұрсынқұлұлы ақпараттық технологиялар саласында 8 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін бірнеше компьютерлік бағдарламалар әзірлеп, Алматы, Астана қалаларындағы өткен республикалық додаларда топ жарған. Байқау қазылары Қуаныштың жобасын дер кезінде әзірлеген қажетті бағдарлама деп таныпты.

Алдағы уақытта кириллицаны латын қарпіне лезде ауыстыратын бағдарламаға қаржы бөліп, кең көлемде қолданысқа енгізу жоспарланып жатыр. Ұйымдастырушылар мұндай жобаның келешекте де жалғасын табатынын айтады.