• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Шілде, 2017

Түркия мен Грекия жағалауларында жер сілкінді

279 рет
көрсетілді

Эгей теңізінің Түркия мен Грекия жағалауларында күшті жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ геологиялық қызметінің деректері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 баллды құраған. Дүмпу ошағы Түркияның Бодрум қаласынан 10,3 шақырым және Грекияның Кос аралынан 16,2 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Еуропалық-жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы зілзаланың алғашқы толқынынан кейін 5,1 балл тіркелгенін хабарлаған. Сейсмологтар сондай-ақ жер сілкінісі Эгей теңізінде шағын цунами тудырғанын атап өтті.

Алдын-ала деректер бойынша, Грекияның Кос аралында апат салдарынан екі адам қаза тапты, 120-сы зардап шеккен. Сондай-ақ бірнеше көне құрылыс нысаны қираған.

Түркияның Бодрум қаласында 70-ке жуық адам түрлі жарақат алған.