«Нұр Отан» партиясы жергілікті филиал өкілдерімен кездесуде аталмыш ведомоство жетекшісі Ғалым Тұрсынбаев осылай мәлімдеді. Жыл басынан бері 24 сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіліп6 пара алушылар да, берушілер де тиісті жазаларын алған.
Жиын барысында мынандай «қызықты» мысал келтірілді. Өңірде бір лауазымды тұлға өзіне «сыйлық» жасағысы келген азаматтың «қызметінен» бас тартып қана қоймай, оның келеңсіз іс-әрекеті жөнінде тиісті орындарға хабарлаған. Сөйтіп, мемлекеттік қызметші деген абыройына кір келтірмей адалдық танытқан. Ал, жеке басының мәселесін оңай жолмен шешуді мақсат еткен «қолы ашық» тұлғаның 400 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келген.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы