• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан аграршылары омарташыларға көмек көрсетуде

131 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан өңірінің омарташылары ара шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның келесі жылы қабылданатынына қуанып, асыға тосып жүр.

«Бағдарлама аясында омарташылар мен гүлді өсімдіктер өсіретін диқандарға жыл сайын демеуқаржы берілсе, құба құп болар еді. Біз қазір жергілікті агроқұрылдармен ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында асыл тұқымды аралар өсіруге ерекше ден қойып жүрміз», – дейді облыстық омарташылар қауымдастығының басшылығы.

Бүгінгі күні облыста кең қанат жайған мұндай қос тараптық жұмыс тәжірибесінің жемісін көріп келе жатқандардың бірі – Олег Гаврилов. Ол жетекшілік ететін «Пасека-Қызылжар» ЖШС-нің омарташылары Есіл, Тайынша, Мамлют аудандарындағы агроқұрылымдардың алқаптарында орналасқан. Аралар түйешөп, күнбағыс, майлы, жемазық дақылдарын тозаңдандырып, өсімдіктердің шығымдылығын 30 пайызға дейін арттырады. Науқан басталғаннан бері 1,5 тонна бал жиналыпты.

«Егін» шаруашылығының алқабында оңтүстікқазақстандық «Бочка с медом» серіктестігінің ара өсірушілері жүр. Олар теріскейге бірінші рет келгендеріне қарамастан ара шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалғандарын айтады. Күн сайын бір ұя 6 килодай бал беретін көрінеді.

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы