«R.W.S. Wheelset» ЖШС директоры А. Слободов жоғары технологиялық өңдеуші және өлшеу жабдығы кешенінің, өндірістік үдерістерді автоматтандыру мен қозғалыс жүйелерінің жұмыстары туралы баяндады.
«R.W.S. Wheelset» өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың қос дөңгелек пен 32 мың теміржол білігін құрайды. Кәсіпорында Жаңғырту 3.0 бағдарламасын іске асыру аясында осында шығарылатын қос дөңгелек пен таза біліктердің номенклатурасын ұлғайту көзделіп отыр.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қ. Алпысбаев «R.W.S. Wheelset» ЖШС-нің сұранысқа ие өнімдері туралы баяндады. Ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен республиканың вагон жөндеу кәсіпорындарын инновациялық технологиялар бойынша шығарылған, жүк вагондарына арналған теміржол біліктері мен қос дөңгелектермен қамтамасыз етеді.
Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол біліктері мен қос дөңгелектерді 2020 жылға дейін жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімшартқа қол қою туралы хаттамалық шешім қабылдады.
«Проммашкомплект» зауытының директоры А. Хачатурян өндірісті қарқындату, еңбек өнімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.
«Проммашкомплект» Жаңғырту 3.0 аясында 2018 жылдың басында жаңа қуаттылықтарды іске қосуды жоспарлап отыр. Дөңгелек өндірісін жаңғырту қосымша 400 жұмыс орнын ашуды көздейді.