• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда 28 мегежін мен 95 торай қырылып қалды

177 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы шошқа өсіру кешенінде болған өрт салдарынан жүзден астам «талпақ танау» жанып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары брифингте мәлімдеді. 

Өртті ауыздықтауға 9 техника, 30 адам жұмылдырылғанымен, «тілсіз жау» бірінші ькорпустың 3600 шаршы метрін қамтыған. Хабардың кеш түсуіне байланысты сэндвич-панельдерден құрастырылған ғимараттың көп жері зақымданып, шатыр опырылып түскен. Түтіннен уланған 28 мегежін мен 95 торай қырылып қалған.

100 мың басқа есептелген шошқа кешені 2007 жылы пайдалануға берілген болатын.

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы