• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2017

Ақтау «Жасыл экономиканы» жүзеге асыру жолында

314 рет
көрсетілді

Алдына жаңару мен жаңғыруды мақсат етіп қойған Ақтау қаласында «Жасыл экономика» бағдарламасына басымдық берілген. Аталмыш бағдарлама бойынша қалада бірнеше пилоттық жоба жүзеге асырылды.

Атап айтсақ, Ақтауда соңғы үш жылда тұрғын үй, мектеп пен көшелерге жарық және жылу беруде «жасыл технологияны» пайдалану кең қолданылып келеді.

Нәтижесінде тек бір жылда жылуға жұмсалар шығын 30%-ға азайып, электр қуаты 70%-ға үнемделді. Солардың бірі - №3 орта мектеп. Оқу орнында энергия ресурстарын автоматты бақылау және реттеу жүйесі жұмыс істейді және елімізде алғаш рет қолға алынған кешенді жобаны ғаламтор арқылы қашықтан басқаруға болады. Бұл, білім ордасы су, газ, электр қуатын қажетіне қарай тұтынып, артық шығын шығармайды деген сөз. Мамандар 5 млн теңге жұмсалған жобаның өз құнын 5 жылда ақтайтынын айтады.

«Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы аясында бұл салаға жеке инвестициялар тарту қолға алынды. Кәсіпкерлер өзі тұратын елді мекендегі жарық және жылу беру жүйелеріне инновациялық технологиялар мен қондырғыларды енгізуге қатыса алады. Оларды сатып алып, орнатуға жұмсалған шығынды мемлекет үнемделген қаражат есебінен өтейді, дейді БҰҰ Даму бағдарламасының жобалар менеджері А. Белый.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы