• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Шілде, 2017

Премьер Павлодардағы алюминий зауытының жұмысымен танысты

382 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ға барып, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы өндірісті жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Зауыт директоры Р. Романов Бақытжан Сағынтаевқа зауыттың толық жобалық қуаттылыққа өткенін мәлімдеді. Кәсіпорында күйдірілген анодтың заманауи әрі экологиялық қауіпсіз прогрессивті технологиясы қолданылады.

2,5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін электролиз зауытында жыл сайын 250 мың тоннаға дейін алюминий өндіріледі. Зауыт өнімі ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие. Алюминий Ресейге, Беларусьқа, Украинаға, Өзбекстанға, Түркияға, Әзербайжанға, Нидерландыға, Бразилияға, АҚШ-қа, Италияға, Болгарияға, Черногорияға, Польшаға және Норвегияға экспортталады.