• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Шілде, 2017

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

169 рет
көрсетілді

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе өз қызметінен кетті. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Алматылық клуб бірер күн бұрын Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Албанияның "Скендербеу" командасынан 0:2 ұтылып қалған болатын. Нәтижесінде, екі матчтың қорытындысы бойынша "Скендербеу" 3:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Осы жеңілістен кейін Кахабер Цхададзе клуб басшылығынан өзін отставкаға жіберуді сұраған. Ал енді жаңа бас бапкердің аты-жөні алдағы уақытта белгілі болады.