• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда кәсіптік даярлық курстарынан 650 адам өтті

105 рет
көрсетілді

Олардың бір легі Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде электр дәнекерлеуші, сантехник, газбен дәнекерлеуші мамандықтарын меңгерген.

Колледж директоры Ақбай Күшімбаевтың айтуынша, мұнда 2015 жылдан бері ресурстар орталығы жұмыс істейді. Биыл оның қабырғасынан 160 жұмыссыз және мамандығы жоқ жандар «Құнарлы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында білім алып, жұмысшы мамандығын меңгергені жөнінде диплом тапсырылған. Олардың қатарында Никита Савонюк та бар. Ол тәжірибесін кәсіпорында өтеп, қысқа мерзімді курсты бітіргеннен кейін жұмысқа орналасыпты. Сол сияқты Орал Аяпбергенов те жұмысқа орналасарына сенімді.

Бұл оқу орнында аспаз, бухгалтер мамандықтарына да  даярлайды.

«Облыста «Өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша 11 білім беру мекемесі  жұмысшы мамандарын әзірлейді. Биыл бұл мақсат үшін жергілікті бюджеттен 292 миллион теңге бөлінді. Студенттердің алаңсыз оқуына барлық жағдай жасалған. Шәкіртақы төленеді, жатақхана беріледі. Жұмысқа орналастырылады», дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Жанар Нүркебаева.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»