• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Шілде, 2017

«Алматы» ӘКК басқармасына жаңа басшы келді

160 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ-ның ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Мұхит Әзірбаевты таныстырды. Корпорацияның бұрынғы басшысы Мұрат Дәрібаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Дәрібаевтың басшылығымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» ҰК» АҚ-ы 2016 жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет 3,4 млрд теңге көлемінде пайдаға қолжеткізді. Соңғы жылы 423,8 млн теңге салық төленді, ал 2015 жылы төленгені небәрі 41,7 млн. теңге болатын. ӘКК-нің 2017 жылғы алғашқы жартыжылдығының қаржы-экономикалық қызметінің алдын ала жасалған қорытындысы бойынша 611,4 млн. теңге көлемінде табыс түскен, ал бұған ұтымды басшылықтың әрі шығындарды оңтайландырудың арқасында қол жетті.

Соңғы 2 жыл ішінде ӘКК экология, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, абаттандыру және басқа мәселелер бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын белсенді жүргізді.

ҚР Премьер-Министрінің келісімімен және корпорация директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды.

Ол Алматы қаласында туылған, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша экономика менеджері.

Жеке секторда жинақтаған мол тәжірибесі бар, «Қуатагро» агрохолдинктік компанияның бас директоры қызметін атқарған, түрлі кезеңдерде «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ-да жұмыс істеген. 2009 жылдан күні бүгінге дейін Global Building Contract» ЖШС-нің Қадағалаушы кеңесінің төрағасы болған.

Қоғамдық іспен белсенді түрде айналысады, «Қазақстанның қала құрылысы» қоғамдық ұйымының вице-президенті, «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры, «Атамекен» ҰКП құрылыс және ТКШ жөніндегі Комитетінің мүшесі, «ҚР құрылыс саласының ұлттық ассоциациясы» қоғамдық ұйымының президенті. 2016 жылы Алматы қаласының VI шақырылымындағы Мәслихат депутаты. 2017 жылдың мамырынан Алматы қаласы жеңіл атлетика Федерациясының президенті.