• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Шілде, 2017

Астанада рұқсатсыз орындарда сауда жасаумен күрес күшейтілді

140 рет
көрсетілді

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі БАҚ өкілдерімен бірге бігіленбеген жерлерде жүргізілетін сауданы анықтау бойынша рейд жүргізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері Астанада белгіленбеген орындарда саудамен айналысу бойынша 1600 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Жалпы сомасы 1 508 885 теңгеге айыппұл салынды.

Әкімшілік Кодекстің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау»  204 бабына сай ескерту немесе 5 АЕК (11 345 теңге) айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайта заң бұзса, 10 АЕК(22 690 теңге)  айыппұл салынады. Егер құқық бұзушылық жүйелі түрде қайталанса, заңсыз сауда жүргізген кәсіпкердің павилиьоны тәркіленеді. Жыл басынан бері 60 сауда орны алынып тасталған, ал жыл соңына дейін тағы 100 нүкте жойылмақ.

Өз кезегінде елордалық кәсіпкерлерге дала саудасы үшін 1000 орын бөлінген. Бұл бағдарламаның операторы «Астана әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компания» АҚ борлып табылады. Орындарды анықтау үшін құрамына мемлекеттік орган өкілдері, атап айтсақ, кәсіпкерлер палатасы және өзге де құзырлы мекемелерден кірген арнайы комиссия құрылды.

Бұдан бөлек, арнайы мақсатта пайдалануға арналған орындар тізімі, нысанның сыртқы келбетіне қойылатын талап, стационарлық нысан немесе мобильді қондырғы екені анықталып, келісілді.

«Көше саудасына арналған 1000 орын»  бағдарламасына сәйкес сауда-саттық жүргізуге рұқсат алған кәсіпкерлер саудасын заңсыз жүзеге асыратындардан сары түсті арнайы формамен ерекшеленеді.  Онымен бірге кәсіпкерде келесі құжаттар болуы керек: «Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен жасалған келісімшарт немесе субжалға алу келісімшарты.  Жазғы уақытта азық-түлік  өнімдері мен заттардың келесі түрі сұранысқа ие: балмұздақ, тәтті сусындар, көкөніс-жемістер, күннен қорғайтын көзілдірік және т.б. заттар. Қала тұрғындары мен қонақтары заңсыз сауда-саттық жағдайына тап болған жағдайда 109 нөміріне хабарласуларына болады.  

- Азаматтар тиісті рұқсат құжаттарынсыз өздері дүңгешіктерді қойып алады. Қолданыстағы және қолда бар әкімшілік ресурстар айтарлықтай нәтиже бермейді, сол себептен азамат айыппұлды төлейді немесе оған ескерту жасалады. Сондықтан да біз заңсыз саудаға тосқауыл қою мақсатында бұзушылықтар орын алған жағдайда, заңсыз учаскелерді анықтаған жағдайда  қала тұрғындары мен қонақтарына  жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз, - деді Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман Жакин.  

Астана қ. ІІД ЖПҚ бұзушылықтарды анықтау мақсатында жиі рейд ұйымдастырып тұрады. Бұзушылықтар, атап айтқанда заңсыз сауда-саттық «Нұрлы Жол» жасыл желекжолы, Бәйтерек монументінің алды, Есіл өзенінің жағалауы, Республика даңғылдары бойынша жиі кездеседі.