• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 23 Шілде, 2017

Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді

288 рет
көрсетілді

Бүгін АҚШ-тың Шарлотт қаласында Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп xабарлайды Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» тобы.

Екінші орта салмақта (76,2 келі) сынға түскен Еділ Қожамбердиев барлығы төрт раундтық кездесуді өткізді. Кездесу алғашқы раундта-ақ аяқталды. Отандасымыз бастапқы үш минутта өз қарсыласын нокаутқа түсірді. Оған қарсы америкалық Кавариус Хаскинс шыққан болатын.

Осылайша, Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастап отыр.