• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Шілде, 2017

Біздің жігіттер шөгенді жатсынбайды

398 рет
көрсетілді

Аргентинаның ұлттық күні аясында латынамерикалықтар мен Қазақстан құрамасы шөген ойынынан жолдастық кездесу өткізді. Ат спортының бұл түрі Аргентинада жақ­­сы дамыған. Ал біздің елде енді ғана қолға алынуда. Ат құлағында ойнаған жігіттеріміз тәжірибелі қар­сы­лас­тар­мен тең дәрежеде ойын көрсеткенімен, 5:3 есе­бі­мен есе жіберді. Дегенмен шабандоздар кездесуден үл­кен тә­жірибе жинады.

Еліміздің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өкіл­де­рінің айтуынша, бүгін­де өңір­лерде шөген ойнайтын ша­ғын командалар бар. Алда­ғы уақытта солардың басын бі­­рік­тіріп, ат спортының осы түрін дамыту жос­парда тұр. «шөген спортынан ел­ордада өткен бұл кездесу ал­ғаш рет ұй­ымдастырылды. Матчқа әр ко­ман­да­дағы 3 ойыншыдан барлығы 6 спорт­шы қатысты. Ойын 3 бөлiмнен тұрады, ал әр бөлiмi 7 минутты құрайды. Ойынға қатысқан жылқылардың бар­лығы өзiмiздiкi», дейді  шөгеннен Қарағанды қа­лалық қауымдастығы басшысы Асланбек Мешков. Ма­манның айтуынша, Арген­ти­нада бұл ойын бір­не­ше мыңдық стадиондар жинайды. Қазақстанда да дамуы тиіс, себебi қазақтар ежелден жылқыны қас­тер­лей­ді. Аргентиналықтар да бұл жа­нуарды жо­ғары ба­ға­лайды. 

Елiмiзде аргентиналық жыл­қы тұқымын будандас­тыру жоспарда бар көрінеді. Оның орташа бағасы 10 мың еуро­дан басталады екен.  «Көкпар-Астана» жылқы спорты клубы» ЖШС дирек­торы Аманжол Хасенов қазiрдiң өзінде кез келген адам қаласа клубқа келiп,  шөгеннің секция­сына те­гiн қатыса алатынын айтты. «Онда көкпар ойнайтын 10 шабандоз дайындық үс­тінде. Көкпар ойнағандар шөген ойынын тез үйреніп алады. Оның техникасын меңгеруге әрі кеткенде 2-3 ай ғана уақыт қажет. Балалар 11-15 жастан бас­тап ойнаса, 60-70 жастағы қариялар да спорттың бұл түрімен айналыса алады», дейді А.Хасенов.

«Ойын керемет өтті, бар­лығы жоғары деңгейде ұй­ым­дастырылған. Мұндағы ат­тар көкпарға машықтанған. Бірақ ат спорты болғандықтан, қазақстандықтар шөгенді тез меңгеріп алады деп ой­лай­мын. Сондықтан өз­де­рін әлемдік деңгейде көр­се­тулеріне мүмкіндіктері мол. Ал біз тәжірибе алмасуға әр­қа­­шан әзірміз», дейді ар­ген­ти­налық ко­манданың ойын­шысы Фернандо Швайцер. Ойынды тамашалауға Ақпарат және коммуникация­лар министрі Дәурен Абаев, Аргентинаның БАҚ жә­не қоғамдық пiкiр министрі Эрнар Ломбарди және басқа да лауазымды тұлғалары келдi.