• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 25 Шілде, 2017

Көрмеге екі мың кенші барады

188 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесіне биыл жаз­да Рудныйдан екі мың кенші барады. «Дөңгеленген дү­ние» қазір Астанада тұр. Мұндай көрмені көру,тамашалау – бар­лық отандастар секілді кеншілердің де арманы. Еуразиялық топ­тың «Командалық жаз–2017» жобасының аясын­да Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі кеншілердің алғашқы тобы – 500 жұмысшы Астанаға аттанды. Бұл топ өндіріс озаттарынан, жастар тәлімгерлерінен, жарыстарда алып кәсіпорынның на­мысын жоғары көтеріп жүрген спортшылар мен қоғамдық жұ­мыс белсенділерінен, кәсіподақ көшбасшылары және жас­тардан құралды.

Рудныйлық кеншілерді са­пар­­ға қалалықтар орталық алаң­нан сал­танатты түрде шыға­рып салды. 

– Бұл сіздер үшін мәңгі есте қалатын сапар болады. Қазақ­стан­­ның халықаралық ЭКСПО көр­месін өткізу құқына ие бо­луы, бүгінде оның табыс­ты өтіп жатуы біздің еліміз даму­ы­ның бір айғағы дер едім. Ел экономикасының серпіле да­муына үлес қосып жүрген өз­де­ріңіз. Бұл сапардың метал­лур­г­тер мерекесімен тұстас ке­луі зор маңызға ие. Біздің елі­міз­де бейбітшілік пен еңбек сал­та­нат құрған,–деді «ССКӨБ» АҚ әлеуметтік мәселелер мен кор­по­ративтік мәдениет бөлі­м­і­­нің басшысы Александр Мака­рен­ко. 

Сапарға шыққандарға игі ті­лек­ті кәсіпорынның кәсіподақ ко­митетінің төрайымы Татьяна Шерстобитова жалғастырып, олардың Астанадан, ЭКСПО-дан жақсы әсермен оралатындарына сенім білдірді. Кеншілер ЭКСПО көрмесіне жаз бойы осылай топ-топ болып баратын болады.   Сонымен қатар, Астанаға биылғы жаздың аяғына дейін Еуразиялық топ құрамындағы кен кәсіпорындарынан 6,5 мың кеншінің жолы түседі. Олар Еуразиялық топ ашқан академияда оқиды және ЭКСПО көрмесін тамашалайтын болады. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан» РУДНЫЙ