• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Шілде, 2017

Қош бол, Paint!

408 рет
көрсетілді

Microsoft Paint дәуірі өз мәресіне жетуде. Windows 10 Fall Creators жаңа операциялық жүйесінде Paint «ескірген функция» санатына жатқызылып, болашақта мүлдем жойылуы мүмкін. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

Paint ұзақ жылдар бойы Windows-тың негізгі жобаларының бірі болды. Ол бастауын 1985 жылдың қараша айында жарық көрген Windows 1.0back жүйесінен алады. Microsoft осы күнге дейін Paint бағдарламасын тұрақты негізде жетілдіріп келді. Қолданушылар сурет Редакторының ұсынған мүмкіндіктеріне әбден машықтанып алып, бағдарламаның шектеулі мүмкіндіктеріне көңіл аудармаған болатын. 

Қысыл-таяң кездері Paint әрдайым жұмысты орындауға сенімді көмекші болғаны рас. Жаңалықты естіген қолданушылар әлеуметтік желіде сурет Редакторымен «қоштасуға» қызықты видеолар мен суреттер жариялай бастады.

Жылдың басында таныстырылған Windows 10 Creators Update операциялық жүйесінде Paint 3D жобасының (яғни қазіргі Paint-тың жетілдірілген түрі) тұсауы кесілді. Жұрт үйренген сурет Редакторы «ескірген» деп танылғанымен, Microsoft оны нақты істен шығаратыны туралы мәлімдемеді. Дегенмен, бұл жаңалық классикалық Paint-тың мәресіне жетуінің белгісі.  

(Сурет: Paint 3D жобасының макеті)

Айта кетейік, «ескірген» бағдарламалардың арасында Outlook Express, Reader app and Reading list функциялары да бар.