• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2017

Сенаторлар Солтүстік Қазақстанның кәсіпорындардын аралады

251 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысында болып, бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Олар алдымен «Радуга» ЖШС-не қарасты «РиМ Казагро» компаниясының цехын аралады. Мұнда тез пісетін таңғы ас мәзірлері дайындалады. Тәуліктік қуаттылығы он тоннаны құрайды. Келесі жылы тағы бір өндірістік жүйе іске қосылмақ. 80 адам еңбек етеді, он адам әлеуметтік бағдарлама бойынша орналасқан.

«Бұған дейін бұл өнімдерді Ресейден, Қытайдан алдырсақ, енді өзімізде өндірілетіні, сыртқы нарыққа бағдарлануы қуантады», – дейді сенатор Е. Сұлтанов.

Жұмысын тоқтатқан «Солтүстік кірпіш» зауытынының қайта жанданғаны байқалады. Оған инвесторлар қаржы құйып, іске қосыпты. 90 миллион теңгеге шетелдік жабдықтар сатып алынған. Енді күніне 17 мың дана кірпіш өндіре алады. Кәсіпорын директорының орынбасары Александр Руженский халық қалаулыларын өндіріс орнының тынысымен таныстырды. Қосымша цех ашылса, күндік қуаттылығы 120 мың кірпіш шығаруға дейін артып, жұмыс орны 60-қа дейін ұлғаяды.

Ұжымдармен кездесуде сенатор Ольга Перепечина көптеген жеңілдікті мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейтінін, жыл басынан бері жоғары палатада 110 заң қаралып, 80-і қабылданғанын жеткізіп, қордаланған проблемаларды бірлесіп шешуге шақырды. 

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы