• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Шілде, 2017

Экономиканы цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

121 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төра­ға­лы­ғымен экономика салаларын цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Қатысушылар кездесу барысында медицина, білім беру және энергетика салаларына ин­но­ва­циялар енгізу, сонымен қатар, кө­лік жүйесін жаңғырту мәселе­лерін талқылады. Бұдан өзге, Ас­тана, Алматы және Ақтөбе қа­ла­лар­ында «Smart-city» жүйелерін құру мәселелері қаралды. Олар жедел қызмет және құқық қорғау органдарының іс-қимылдарының тиімділігін арттыруға, қаланың стратегиялық маңызды нысандарының қорғалу деңгейін кү­шей­туге, сондай-ақ, өмір сүру жай­лы­лығын арттыру мен экологияны жақ­сартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Бас про­кура­тураның әкімшілік үдерістерін автоматтандыру, полицияның учаскелік инспекторларының қыз­метіне арналған ақпараттық дерек­тер базасын құру және «Дип­­ло­матиялық қызметтің бір­ың­ғай ақпараттық жүйесін» құру мә­се­лелері талқыланды.