• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 26 Шілде, 2017

Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

72 рет
көрсетілді

Индонезиялық Сурабаяда ерлер командалары арасында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«А» тобында сынға түсіп жатқан отандастарымыз соңғы топтық кезеңінің соғы ойынында Сауд Арабиясымен сынға түсіп, қарсыластарын 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Жалпы Қазақстан құрамасы қатарынан үш жеңіске қол жеткізіп, 7 ұпай еншіледі. Сондай-ақ, ширек финалға Қазақстан құрамасынан бөлек, тағы Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Қытайлық Тайпей және Қытай құрамалары жолдама алды.

Ширек финалға шыққан сегізінші құрама Индонезия - Қатар арасындағы матчтан кейін анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші матчында партия бойынша 2:0 есебімен Катар командасын ұтса, екінші ойында алаң иелері Индонезиямен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен жеңген болатын.