• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Әсет Исекешов басшыларға қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды

125 рет
көрсетілді

Астана әкімі Әсет Исекешов елордалық әкімдіктің отырысында басшыларға қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

(Сурет kapital.kz сайтынан алынды)

«Елорда басшылары, қала басшыларынан бастап орынбасарлары, аудан әкімдері, олардың орынбасарлары, аптасына бірнеше рет, сондай-ақ басқарма басшылары, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімдердің басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікті пайдалануы тиіс», - деді қала басшысы. Отырыс соңында әкім елордалық ІІД басшысына қала қауіпсіздігін бақылауды, қоғамдық тыныштық пен туристердің қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды.