• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Елордалық әкімдік және ТЖД «Highvill» тұрғын үй кешенін тексеруде

235 рет
көрсетілді

Елордалық әкімдікте Әсет Исекешевтің басшылығымен жиын өтті, оның аясында қаланың тіршілік қаракеттеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

(Сурет krisha.kz сайтынан алынды)

Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларының іске асуы және Смарт-сити жобасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов жаңа оқу жылы қарсаңында білім мекемелерінің дайындығы туралы баяндады.

Күн тәртібінде келесі тақырыптар бойынша мәселелер қарастырылды: тұрғын-ұй құрылысында үлескерлікпен үй салу мәселесі, қаладағы тіршілік қарекетінің нысандары, қалада қауіпсіздікті және жедел әрекет етуді қамтамыз ету мәселелері, бюджет қаражатының игерілуі, азық-түлік бағасы, ТКШ саласында жаңа тетіктер.

«Соңғы уақытта түнде орын алатын шу және көшедегі ұрыс-төбелес жөнінде шағымдар көбейіп кетті. Осыған байланысты қалалық ІІД және ЖПҚ ойын-сауық мекемелерге қатысты бақылауды күшейту керек»,- деді Әсет Исекешев.

Оған қоса әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қала басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты «Highvill» ТК-де тексеру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Жиын қорытындысы бойынша әкім елордалық ІІД басшысына қоғамдық тыныштықты сақтауда қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі жөнінде тапсырма берді.