• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2017

Үндістанда биыл 600-дей адам су тасқыны салдарынан қаза тапты

122 рет
көрсетілді

Үндістанда жыл басынан бері 600-ге жуық адам су тасқыны салдарынан қаза тапты, деп мәлімдеді осы елдің ішкі істер министрі Кирен Риджиджу. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

Бұдан бұрын соңғы апталардағы муссон жаңбырлы кезеңінде шамамен 230 адамның қаза болғаны айтылған.    

«Үндістан штаттарына келтірілген залал туралы ақпараттарға сәйкес, жыл басынан бері нөсерлі жауын, су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 600 адам қаза болған. 226 адам лагерлерде өмір сүруде, 63 мың үй қирап, 280 мың гектарға жуық егіс алқабы жарамсыз болып қалған», – деп мәлімдеді министр.

Үндістанда жыл сайын адам шығынына себеп болатын ең қауіпті табиғи апаттардың бірі – су тасқыны. Биылғы қаңтар айында елдің метеорология департаменті 2016 жылы қолайсыз ауа райы мен табиғи апат салдарынан 1,6 мыңға жуық адам ажал құшқанын хабарлады. Олардың басым бөлігі – 700-ге жуығы аптап ыстықтан қайтыс болған. Адам шығыны жағынан екінші орында су тасқыны тұр – 475 адам көз жұмған. Тағы 415 адамды найзағай соғып өлтірген.