• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2017

Пәкістан премьері жемқорлық дауына байланысты қызметінен кетті

142 рет
көрсетілді

Пәкістан Жоғарғы соты «панамалық құжаттамаға» байланысты дауды тергеу қорытындысы бойынша елдің премьер-министрі Наваз Шарифті биліктен шеттетуге шешім шығарды. Сондай-ақ оған өмір бойына саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды, деп хабарлайды lenta.ru

Жоғарғы сот жемқорлыққа қатысты іске тек Наваз Шарифтің ғана емес, оның отбасы мүшелерінің де қатысы бар деп танып отыр. Олардың қатарында үкімет басшысының қызы және екі баласы бар. Премьер-министрдің ісіне қатысты үкімді Жоғарғы соттың бес мүшесі шығарды.

Халықаралық журналистік зерттеулер бірлестігі былтыр 3 сәуірде даулы мәліметтер жариялаған болатын. Онда 200-ден астам Пәкістан азаматының офшорлық компаниялардың иелері болып табылатыны, олардың ішінде Пәкістан премьері Наваз Шарифтің балалары (екі ұлы – Хусейн мен Хасан және қызы – Марьям) және туыстары бар екені айтылады.   

Наваз Шариф Пәкістан премьер-министрі лауазымын төрт рет атқарған. Ол 1990 жылдың қарашасынан 1993 жылдың сәуіріне дейін, 1993 жылдың мамырынан шілде айына дейін, 1997 жылдың ақпанынан 1999 жылдың қазан айына дейін және 2013 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Пәкістан үкіметін басқарды.