• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Шілде, 2017

Бүгін Астанада бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

113 рет
көрсетілді

28 шілдеде Астанадағы бірқатар көшелеріде қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Қалалық автомобиль жолдары басқармасы Б. Бейсекбаев көшесінің бойында жол жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты төменде көрсетілген учаскелер бойынша көлік қозғалысы үшін жол жабылады. 

Осылайша, 28-31 шілде аралығында - Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін Б. Бейсекбаев көшесінің учаскесі, 

‪31 шілде 1 тамыз аралығы - А. Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін Б. Бейсекбаев көшесінің учаскесі; 

1-3 тамыз аралығы - Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін Б. Бейсекбаев көшесінің учаскесі;

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліске тап болмас үшін баратын бағдарларын ала жоспарлап алған жөн.