• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Шілде, 2017

29 шілдеде солтүстік пен шығыста жел күшейеді, оңтүстік пен батыста - аптап ыстық

335 рет
көрсетілді

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығыс және орталығында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың өзге аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, оңтүстікте жел шаңды дауылмен күшейе түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы17-22 м/с жетеді, күндіз екпіні 25 м/с, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады.  

Павлодар облысының кей жерлерінде жел соғып, 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл соғады. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,түнде және таңертең тұман күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, күндіз жекелеген аудандарында  бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан,  күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Жамбыл облысының  кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Кызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында күн қатты ысиды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында  аптап қатты ыстық болады.  Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.