• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Шілде, 2017

Дәурен Абаев румыниялық телеарнаға сұхбат берді

152 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев румыниялық телеарнаға сұхбат берді.

«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев румыниялық телеарнаға сұхбат берді. Румынияның «TVR1» бірінші қоғамдық телеарнасы ҚР мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына (Дипломатиялық қатынастардың орнағаны туралы хаттамаға 1992 жылдың 15-шілдесі күні Алматыда қол қойылды) 25 жыл толуына орай документалды фильм түсіруде»,-деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Альбина Әтен Facebook-тағы парақшасында.

Аталмыш туындыны Румынияның бірінші телеарнасынан көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында министрліктің сайтында жарияланатын болады.