• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Шілде, 2017

Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталуы мүмкін

262 рет
көрсетілді

Қазақстанда биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім еткендей, биыл елімізде жаңа оқу жылы 1 қыркүйектен 2 қыркүйекке ауыстырылуы мүмкін.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, 1 қыркүйек Құрбан Айт мерекесіне келгендіктен, оны ауыстыру туралы тиісті өкім шығарылған. Бірақ, әлі ресми хаттар жолданбаған. Сондықтан бұл мәселе түбегейлі шешілмеген. Олар бұл мәлімет туралы тағы да қосымша хабар беретіндерін айтуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Орсариев EXPO көрмесiне байланысты оқу жылын кеш бастау жоспарда жоқ екенін айтқан болатын.