• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Бокс 29 Шілде, 2017

Оскар Де Ла Хойяның бауыры Головкин мен Альварес жекпе-жегінің андеркардына шығады

103 рет
көрсетілді

Boxrec.com мәліметінше, Диего Де Ла Хойя мен Рэнди Кабальероның 10 раундтан тұратын жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің бағдарламасына ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Шоудың басты оқиғасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегі болмақ. Диего Де Ла Хойя Альварес промоутері Оскар Де Ла Хойяның немерелес інісі болып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін кеш андеркардына Антонио Ороско мен Роберто Ортис айқасы енгізілген болатын.