• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2017

ОҚО-да ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде

114 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде.

Министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен қолға алынған шара алдымен Қазығұрт ауданынан басталды. Акция аясында өңір тұрғындары тамыздың 2-сіне дейін аталмыш ведомства басшыларынан тікелей кеңес ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қазығұрт ауданында болған министрлік өкілдері алдымен аудан активімен, кейіннен жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Әлеуметтік көмекті жаңғырту, «Өрлеу» жобасына қатысу, зейнетақы жүйесінің реформасы, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқығын сақтау сынды мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін сан алуан көмек түрлері кеңінен түсіндірілді. Өз кезегінде ведомства өкілдері әлеуметтік көмек мәселесі бойынша тұрғындарды жеке қабылдады.

Жиында сондай-ақ мүгедектердің құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай етіп, бейімдеу жайы да сөз болды. Министрлік өткізген маңызды шара халықпен байланысты жетілдіре түсу, «Ашық Үкімет» идеясын іске асырудағы қадамдардың бірі болды.