• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2017

Іле Алатауы ұлттық паркіне баруға шектеу қойылды

326 рет
көрсетілді

Қауіпсіздік мақсатында Іле Алатауы ұлттық саябағында саяхаттауға шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматы ТЖ департаменті 29-31 шілде аралығында Алматы қаласында ауа температуарысының жоғарылауы және оңтүстік астананың орманды және таулы аймақтарындағы V класты өрт қауіптілігіне байланысты Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жаяу бағыттар мен автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылатындығын хабарлады.

Айта кетейік, «Қазгиромет» Алматы облысында аптап ыстық болатындығы жайлы алдын ала ескерту таратқан болатын. Тап сол кезде Шымбұлақта Тау фестивальі жалғасады.