• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан делегациясы Түмен қазақтарының Құрылтайына қатысты

143 рет
көрсетілді

Қызылжар Ресеймен шекаралас аймақта орналасқан облыстармен, оның ішінде Түменмен ежелден тонның ішкі бауындай араласып келеді.

Осында тұратын қандастарымыз  ұйымдастырған құрылтайға өңірден арнайы делегация қатысып, ортақтасып қайтты.

Бұл жолғы басқосуды  Бердюжье ауданының әкімшілігі мен осында жұмыс жасайтын  қазақдиаспора өкілдігі өткізіп, ерекше қонақжайлылық танытты. Алқалы басқосуда сөйлеген шешендер  Түменнің торқалы топырағында осымен  21-ші  рет  атап өтілген құрылтайдың  ел мен елді байланыстыратын, халық пен халықты жақындастыратын, достық атты даңғыл жолға сүрлеу салатын тәрбиелік маңызын, жас буынды  ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын ұмытпауға, танып-білуге, құрметтеуге ұмтылдыратын игі шара екенін атап көрсетті.  

«Жат жерде жүрсек те,  еш кемдік көріп отырған жоқпыз. Қазақстанның, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетте жүрген  ағайындарға  жасап отырған  жан-жақты қамқорлығына шексіз ризамыз. Бұрын жастарымыз ана тілінде сөйлеуге ұялатын. Қазіргі талаптары зор. Біз өз тарапымыздан түрлі байқаулар, конкурстар өткізіп, қал-қадірімізше мұрындық болып келеміз»,деді Түмен облыстық қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есімхан Жантасов.

Теріскейлік делегацияны бастап барған облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов  екі өңірді шекара бөліп тұрғанымен, мәдени-рухани тұтастық тереңде жатқанын, қай салада болмасын берік ынтымақ орнағанын айта келіп, аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың атынан  сый-

Түмен топырағындағы  қазақ тойының ажарын  балуандардың күресі, аламан бәйге, дәстүрлі әндер байқауы, қыз сыны одан әрі аша түсті.

Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».

 Солтүстік Қазақстан облысы..