• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Парламент 31 Шілде, 2017

Екіжақты байланыстардың деңгейі жоғары

148 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Франция Сенатының депутаты, француз Сенатындағы «Франция-Орталық Азия» достық тобының жетекшісі Ив Поццо ди Боргомен кездесті, деп хабарлады Жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Сенат Төра­ға­­сының орынбасары С.Громов Ас­тана мен Париж ынтымақтас­тығы­ның жоғары деңгейін және оның көп­тұрпатты екенін атап өтті. «Дип­ло­матиялық қатынастар орнаған 25 жылда бірлескен күш-жігердің ар­қа­сында Қазақстан-Франция қа­ты­настары стратегиялық әріп­тестік деңгейіне көтерілді. Біздің Фран­­циямен белсенді саяси қаты­нас­тары­мыз екі елдің іскерлер қауым­дары арасында қалыптасқан берік эконо­микалық байланыстар­мен нығая түсті», – деп атап өтті С.Гро­мов. Қазақстан мен Фран­ция­­ның парламентшілерінің парла­мент­аралық үнқатысулары да жүзде­сушілердің оң бағасына ие болды.  Кездесу барысында Қазақстан экономикасын әртараптандыру және біздің елімізде ғылыми әлеуеті зор, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі ірі жобаларды іске асыруға француз бизнесінің атсалысуына қатысты  пікір алмасылды. С.Громов француз бизнес қауымдастығын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі негізінде ашылатын БҰҰ аясындағы Жасыл технологиялар мен инвестициялар орталығының, Жаңа технологиялар паркінің, Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды.  Кездесу соңында С.Громов француз делегациясын жыл басында біздің елімізде жүзеге асқан конс­титуциялық реформалар мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстанды одан әрі жаңғырту жө­ніндегі «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сы мен Ұлт жоспарында көз­делген міндеттер туралы хабардар етті.