Әуелі чемпионатқа қатысатын 12 команда екі топқа жіктелді. «А» тобына: Қырғызстан, Өзбек- стан, Түркия, АҚШ, Тәжікстан, Моңғолия көкпаршылары; «Б» тобына: Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай, Ауғанстан көкпаршылары топтастырылды. Жарыс 21 тамыз күні таңертең басталатын болды. Доданың алғашқы күні Қырғызстан – Моңғолия, Қазақстан – Ауғанстан, Өзбекстан – Тәжікстан, Әзербайжан – Қытай, Түркия – АҚШ, Ресей – Венгрия елдерінің көкпаршылары өзара мықтыны анықтаса, жарыстың екінші күні Моңғолия – АҚШ, Тәжікстан – Түркия, Қырғызстан – Өзбекстан, Ауғанстан – Венгрия, Қытай – Ресей, Қазақстан – Әзербайжан құрамалары кездеседі. Жарыстың үшінші күні Өзбекстан – Моңғолия, Түркия – Қырғызстан, АҚШ – Тәжікстан, Әзербайжан – Ауғанстан, Қазақстан – Ресей, Венгрия – Қытай командалары арасында мықтылар анықталады. Чемпионат түзілген кесте бойынша әрі қарай жалғасып, айдың 24-25-і күндері ширек және ақтық ойынға шығатын командалар анықталды. Қорытынды сайыс 26 тамызға жоспарланып отыр.
Ат спорты
•
31 Шілде, 2017
Әлем көкпаршылары Астанада...
213 рет
көрсетілді
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілуі тиіс іс-шараларының бірі – алдағы тамыз айының 20-28 күндеріне жоспарланған көкпардан І Әлем чемпионаты. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алдын ала мәлім еткен жоспары бойынша бұл додаға 15 мемлекеттің көкпаршыларын қатыстыру мүмкіндігі бар. Бірақ өткен аптаның екінші күні дүбірлі додаға бақ сынауға 12 команда толық ниет білдіріп, олар елордадағы «Қазанат» атшабарында жеребе тарту арқылы өзара қарсыластарын анықтады.