• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 31 Шілде, 2017

Лондондағы XVI әлем біріншілігінде отандастарымыздың сайысқа шығатын күндері белгілі болды

234 рет
көрсетілді

Лондонда 4-13 тамыз аралығында жеңіл атлетикадан өтетін XVI әлем біріншілігінің жарыс кестесі белгілі болды.

Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты хабарлады.

Жылдың басты додаларының бірі саналатын әлемдік дода Ұлыбритания астанасындағы Олимпиада стадионында өтеді.

Чемпионаттың алғашқы күнінде тек бір ғана сайыс түрінен жүлде үлестіріледі. Сол күні ерлер арасында 10 000 метрге жүгіретіндердің жеңімпазы анықталады. Ал Қазақстан спортшылары жарысты 5 тамыздан бастайды.

Лондондағы әлем чемпионатындағы Қазақстан спортшылары қатысатын сайыс түрлерінің күнтізбесі:

5 тамыз: 11:00 - үш қарғып секіру, әйелдер (іріктеу)                                

Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова

6 тамыз: 14:00 - марафон,әйелдер (финал)                                 

Елена Наназиашвили

7 тамыз: 20:25 - үш қарғып секіру, әйелдер (финал)

8 тамыз: 19:30 - 200 метрге жүгіру, әйелдер (іріктеу)                                

Виктория Зябкина

10 тамыз: 21:05 - 200 метрге жүгіру, әйелдер (1/2 финал)

11 тамыз: 21:50 - 200 метрге жүгіру, әйелдер (финал)

12 тамыз: 10:35 - 4х100 метрге эстафеталық жүгіру, әйелдер (іріктеу)                                  

Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана                                  

Голендова, Ольга Сафронова, Анастасия Тулапина,                                  

Юлия Рахманова 12 тамыз: 21:30 - 4х100 метрге эстафеталық жүгіру, әйелдер (финал)

13 тамыз: 12:20 - 20 шақырымға спорттық жүріс әйелдер (финал)                                  

Полина Репина, Регина Рыкова, Диана Айдосова

13 тамыз: 14:20 - 20 шақырымға спорттық жүріс, ерлер (финал)                                  

Георгий Шейко.