«Жарысқа қатысуға Алматы, Көкшетау, Петропавл қалаларынан 30-ға жуық өтініш түсті. Оларға көліктердің безендірілуі, дыбыстық-музыкалық ерекшеліктері, жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырмау, кедергілерден мүлтіксіз өту секілді талаптар қойылды», дейді жарысты ұйымдастырушы Виктор Семыкин.
Сыртқы жолақ ережелерін бәрі сақтағанымен, ұзындығы бір шақырым ішкі айналма жолда өнер көрсету, маневр жасау кей үміткерлерге едәуір қиындық тудырды.
Көкшетаудан келген Виталий Лузин бұл жобаға жыл басынан дайындалып, «Лада» көлігін «әлем-жәлем» безендіруге 3 миллион теңге қаражат жұмсапты. Мәселен, 8 сабвуфер дыбыс күшейткішін орнатыпты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автосалон иелері өз сый-сияпаттарын көрсетті.
Жарысты ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұз үстіндегі жылдам мәнерлеп сайысын өткізуді белгілеп отыр.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»