• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 01 Тамыз, 2017

2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын Лос-Анджелес қаласы қабылдайды

449 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласы 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдайды, деп хабарлайды qsport.kz.

Қала басшылығы Халықаралық Олимпиада комитетімен келіссөздерді сәтті аяқтаған. 2024 жылғы Олимпиада ойындарын Францияның астанасы Париж қаласы қабылдаса, төрт жылдан кейінгі дүбірлі дода Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Мұндай шешім ХОК-тың Лоззана қаласында өткен жиналысында қабылданды.

Лос-Анджелес қаласы өз тарихында Олимпиада ойындарын екі мәрте (1932 және 1984 жылдары) қабылдаған. Алдағы Жазғы ойындарын 2020 жылы Жапония астанасы Токио қабылдаса, 2016 жылғы Олимпиада Рио-де-Жанейро қаласында өткен болатын.