• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Тамыз, 2017

Яцек Магера: Кабанангаға қарсы тұру оңай емес

234 рет
көрсетілді

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Астанаға" қарсы ойыннан кейін «Легия» футбол клубының бас бапкері Яцек Магера матч жайлы пікір білдірді.

Бұл жолы біз әлдеқайда жақсы ойнадық. Жігіттер соңына дейін тырысып бақты. Жеңіске деген құлшынысымыз да жоғары болды. Өкінішке орай, аздаған сәттіліктер жетіспей қалды. Бүгінгі ойынымызға көңілім толғанмен, келесі кезеңге өте алмағанымызға іштей қынжылып отырмын. Жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Олар бізді соңғы секундтарға дейін қолдады.

- «Астананың» бас жаттықтырушысы «Легияның» жақсы ойнағанын ерекше атап өтті. Бірақ бір ғана голдан бөлек, келесі кезеңге өтуге не кедергі болды?

- Ең бірінше, дисциплина жетіспеді, екінші Жуниор Кабанангаға қарсы ойнау оңай болмады. Енді «Легияны» Еуропа лигасына түсу үшін үлкен сынақ күтіп тұр. Біз міндетті түрде топтық кезеңге жолдама алуымыз керек. Осыған қатты мән беретін боламыз. Әрине, оған дейін Польша чемпионатында өткізетін екі ойынымыз бар.

- «Легия» бүгін үш мәрте ғана дәл соққы жасай алды...

- Иә, сәттілік жетіспеді. Қақпаны дәл көздегенмен, ойға алған жоспар орындалмады. «Астана» тоғыз ойыншысымен қорғаныста ойнаған сәттер де болды.

- Мұндай маңызды ойында алаңға тәжірибесі аз, жас Себастиан Шиманьскийді жібердіңіз...

- Ұжымда қанша ойыншымыз болса, бәрінің өнерін ортаға салуға тырысамын. Шиманьский жас болғанмен, талантты ойыншы. Жаттығуларда өзін аямай, барын салып дайындалып жүреді. Бүгінгі ойынға шығуға лайықты екеніне көз жеткізген болатынмын. Осы қалпында жалғастырар болса, биік белестерді бағындыратын болады. Оның жеңіске деген құлшынысы жалын атқан көздерінен анық байқалып тұрады.

- Бұл кезеңде негізгі жеңімпаз алғашқы ойында-ақ анықталып қойған деп айтуға бола ма?

- Олай айтпас едім. Бүгін біздің келесі кезеңге өтетін мүмкіндігіміз болған еді. Бірақ сәттілік біздің жақта болмады. Осыған қынжылып отырмын.

Аян ӘБДУӘЛИ, "Егемен Қазақстан"