• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Тамыз, 2017

Мүгедек адамға жағдай жасалған ба?

334 рет
көрсетілді

Шы­­ны керек, мүмкіндігі шектеулі жа­н­д­а­рдың мұңын көп жағдайда түсіне бе­рмейтініміз рас.

Олар қажетінше қа­т­ы­­найтын мекемелер, дүкендер, дә­рі­ха­налар сияқты көптеген нысандарда жүріп-тұрулары үшін арналған пандустар  тым аз немесе мүлде жоқ. Барларының өзі та­лапқа сай емес. 

Бірі тым биік болса, тағы бірі тарлау әрі тайғақ. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Семейде бір жарым мыңдай дүкен бар десек те, олардың көбіне арнайы пандустар орнатылмапты. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының мүшелері шағын бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп-ақ жатыр. Бұрыннан тұрғызылып қойылғандарға қосалқы түрде пандустар салу қажет, дейді. Ал жаңадан салынып жатқан нысандарға пандустар салу міндеттелуде. Бұл құрылыс басталмай тұрып, жобада қарастырылуы керек. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпаратынша, бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша жүру қозғалысында кедергісі бар арбамен қозғалатын алты жүзден астам адам бар екен. Барлығына  жергілікті бюджет есебінен тегін инвотакси қызмет көрсетіп, қажетті жерлеріне тасымалдайды. Бірақ олар барған жеріне жеткенмен пандустардың жоқтығынан ішке кіре алмай жататын да көріністер көбейген. Бүгінде қала басшысы Ермак Сәлімовтің тапсыруымен қаладағы 267 түрлі нысанды тексеру жұмысы басталып отыр. 

– Біз рейдке I топтағы мүгедек Сергей Струковты қатысуға шақырдық, – деді «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің мүшесі Руслан Кибке, – ол балдақпен сүйеніп жүрсе де, осындай қо­ғам­дық жұмыстарға белсене араласады. Пауэрлифтингпен айналысады. Семейдің шет ауданындағы Шығыс кенті маңындағы мектептер мен ауруханаларға бардық. Бұл жерде ауылдан көшіп келген 20 мыңға жуық ағайын және қала тұрғындары тұрады. 2 мектеп, колледж және емхана орналасқан. Тек осылардың біреуінде ғана қолайлы пандус бар болып шықты. Ал №47,12 мектептердегі пандустарға қолдан жасалған «бірдемелер» екен. Бұл пандустарға Сергей Струков мүлде шыға алмады. Аяғы тайғанап, жүрмеді. 

– Біз қатарынан неше жыл бойы пандус құрылысы үшін білім бөлімінің бюджетіне тапсырыс беріп келеміз, – дейді №47 мектеп директоры Ахат Ыдырысов, – бізге барлық талапқа сай пандус орнату үшін 1,6 млн.теңге керек. Соңғы өтінішіміз тіпті осыдан бір-екі күн бұрын ғана берілді. Бұндай проблеманы №12 мектеп басшылығы да алға тартты. Аталмыш мектепте бір емес, екі пандус орнату үшін 4 млн теңге қажет екен. Ал Сергей Струков барған №16 емханада пандус дегеніміздің не екенін тіпті білмейтін де болып шыққан. Егер емхана қызметкерлері мүгедек жанның қиындығын түсінбесе, басқаларына не жорық демекпіз біз.

Раушан НҰҒМАНБЕК,  журналист

СЕМЕЙ 

Суретті түсірген автор