• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2017

Бір түндегі екі атыс

184 рет
көрсетілді

Дәмханалардың бірінде арақ­тың буына масайып, көңіл көтерген жастар арасындағы дау-жанжал ушығып, оның ақыры атыс қаруын қолдануға ұласты.

Қос оқиға да Голливуд сериал­дарындағы қанды қасапты еске түсіреді. Екі жасөспірім өздері құралыптас замандасын таяққа оңдырмай жығумен шектелсе бір сәрі. Травматикалық тапаншамен бірнеше рет атып, 39 секундқа ғана созылған төбелес барысында зәбір шегуші дене жарақатын алған.

Ал, екінші оқиға топтық жаға жыр­тысуға жалғасып, шолақ мыл­тық­тан атылған оқтан 19 жас­тағы Ербол Хамитов деген кол­ледж студенті жараланып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. 

№ 1 қалалық аурухананың бас дәрі­гері Галина Маметованың ай­туын­ша, науқастың бір аяғын тізеден кесуге тура келген. Халі әлі мәз емес. Басы жарылып, тістері сын­­ған. Жапа шегушінің әкесі Ға­лым­­керей Құсайыновтың сөзіне қарағанда, ұсталғандардың арасында қару қолданушылар жоқ көрінеді. Қашып кетсе керек. Ол нағыз қыл­мыскерлер жауапкершіліктен сы­ты­лып кете ме деп алаңдайды. 

Облыстық ішкі істер депар­та­менті­нің баспасөз қызметі күдік­ті­­лер­дің ұсталғаны, Қылмыс­тық кодек­стің 293-ші, 99-шы баптары бойынша («Бұза­қылық» және «Кісіге қас­тан­дық жасау»), қыл­мыс­тық іс қоз­ғал­ғаны жөнінде мәлім­деме тарат­ты.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы