• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Тамыз, 2017

Сағынтаев ИКАО Бас хатшысымен әуежай инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

94 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы доктор Фан Люмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында әуежай инфрақұрылымын дамыту және ұшу қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Айта кетерлігі, ИКАО-ның басты мақсаты - мемлекеттерге азаматтық авиация саласындағы ережелер, стандарттар, рәсімдердің біркелкілігіне қол жеткізу үшін көмек көрсету. Халықаралық ұйым БҰҰ-ның осы салаға мамандандырылған мекемесі.