• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2017

Стартап екі жыл ішінде жаһандық жоспарлары бар фирмаға айналды

311 рет
көрсетілді

«Smart Satu» атты  дүкендер, тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге арналған бизнес-алаңы, жұмысын екі жыл бұрын бастаған еді.

Ол 2016 жылы стартаптардың ұлттық сайысын жеңіп алып, үстіміздегі жылдың сәуір айында Лозаннада өткен Seedstars World бәйгесіне қатысуға мүмкіндік алды. Аталмыш додаға әлемнің 65 елінің үздік жобалары қатысқан болатын. Smart Satu-дың негізін салушы Болатбек Оспанов Forbes Kazakhstan сайтына берген сұхбатында аз уақыт аралығында жобаны іске қосып, өзге елдерді қалай қызықтыру керектігін айтып берді.

Бизнес-періште

Егер Smart Satu жобасының негізін салушыға тауар жеткізумен айналысатын дистрибьютерлік компанияда жұмыс істеу сәті бұйырмаса, бұл жоба іске аспас еді.

- Жұмыс барысында мен әріптесіме сату агенттерінің көмегіне жүгінбей, арнайы сайт ашуды ұсындым. Ол сайтқа тұтынушылардан тапсырыс келіп түсіп, біздер соған қарап керек-жарақтарды дүкендерге жеткізіп отырар едік. Әріптесім ұсынысымды қабылдамай, үйренген әдіс бойынша жұмысымызды жалғастырдық. Кейінірек компаниядан кетіп, бос уақыт пайда болған соң идеям есіме түсіп, оны жүзеге асырумен айналыса бастадым, - дейді Болатбек.

300 мың доллар көлеміндегі тұңғыш инвестицияны періште-инвестор жасаған болатын.

- Қағаз жүзінде ғана тұрған жобаға қаражат табу өте қиын. Мен 60 шақты инвестормен кездесіп, келісім бермеген 59-ына алғысымды білдіремін. Олай болмаса, біздер жобамызға жаны ашитын нағыз серіктесімізді, өз инвесторымызды кездестірмейтін едік. Біздің жобаға қаражат салғаннан кейін ол кісі өз ойында ақшасымен қоштасқан да болу керек. Бірақ ол қомақты сомасын қайтаруды емес, жобаның сәтті шығуына жан салған еді, - деп есіне алып отыр Болатбек.

Стартаппен айналысқан жастар Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің көмегінен санаулы түрде бас тартты. Бір жыл бұрын жобамен ресейлік ірі банк қызыққан болатын. Барлық рәсімдер мәресіне таяған кезде, күтпеген жерден қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері Марғұлан Сейсембаев бәсекелестердің алдын орап, жобаға 3,3 миллион доллар инвестиция құяды.

Болатбектің айтуынша, ол кезде тек ірі супермаркеттерде ғана тапсырыс беру процесі автоматтандырылған болатын. Ал шағын дүкендерге сатушы агенттер аптасына екі рет келіп, қажетті тауарларды әкеліп тұрды. «Біз дәл осы секторға автоматтандырылған жүйенің қажет екенін түсініп, өзіміз айналысуға шешім қабылдадық», - деді Болатбек.

- Тобымыз «ақылды сатылым» жүйесі арқылы өнім берушілердің шығынын 3-5 пайызға кеміте алсақ, тұтынушылар күнделікті тауарды әдеттегі бағадан арзан алады деген үміттеміз, - дейді жобаның негізін салушы.

Ол бастапқы кезеңдегі қиындықтары туралы қысылмай баяндап берді. Адам баласы жаңа нәрсеге әрдайым сенімсіздікпен қарайтындықтан, талай қызық оқиғаларға кезіккен. Бірақ Болатбек тұңғыш тұтынушысын әлі күнге дейін жылы сезіммен есіне алады. Кеспе және жарма сатумен айналысатын адам Smart Satu тауарларын тасымалдау үшін екі көлік сатып алған екен. Сөйтіп стартаптың алғашқы тұтынушысы болады.

- Бір үлкен компанияның басшысы әлем автоматтану жүйесіне келе жатқанын сезініп, әлемдік трендтен қалғысы келмеді. Сөйтіп, олар жобамызға қаражат құйды. Уақыт өте келе өзге де компаниялар қызығушылық таныта бастады.

Дистрибуция нарығының жұмысы әлем бойынша бірдей десе болады. Және Smart Satu – бұл В2В-маркетплейс. Және бұл жүйе бойынша Қазақстан да, әлем де бұрыннан жұмыс істеп келеді.

Шағын сауда орындарына арналған бизнес

Болатбектің сөзі бойынша, оның өнертабысының өзгешелігі бизнес-моделінде. Тауар жеткізуші ұсынатын тауарлар тізімі мен құнын жүйенің ішінде көрсетіп, тапсырыс қабылдайды, кейін оның жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ал дүкен иелері мен тауармен айналысатындар қажетті өнімді тауып, тапсырыс беруге мүмкіндік алады. Жобаны қолданатындарға Smart Satu жүйесі орнатылған тегін планшет беріледі.

Қосымшаға тегін интернет-трафикті «Кселл» қамтамасыз етуде.

Қазіргі таңда Алматы бойынша 1000-нан астам сауда орындары осы жүйеге қосылған.

- Біз Qazkom банкімен бірігу жобасын іске асырып жатырмыз. Алдағы уақытта барлық сауда орындары, қонақ үйлері мен мейрамханалар банк платформасы арқылы төлем жасай алатын болады.

Жаңа мүмкіндіктер

Әлеуметтік желіде жарық көрген сұқбатымнан кейін Smart Satu тәжірибесін өз елдердің нарығында дамытуға Армения, Грузия және Индонезия кәсіпкерлері қызығушылық білдірді. Бүгін жоба Ресейде кеңінен қолданыс табуда. Сонымен қатар, серіктестер Болгария, Сауд Арабиясы, Қырғызстан. Белорусь елдерінде жобаны дамытуда.

Smart Satu моделін кеңейту бойынша да үлкен жұмыстар атқарылуда. Жоба тамақтану саласынан басқа бьюти-бизнесті де қолға алуда. Smart Satu-ға мыңнан астам сұлулық және спа-салондары тіркелген.

Жобаның негізін салушы логистиканы оңтайландыруға көп көңіл бөлуде. Қазақстанның «ақылды сатылымдары» Uber әдісі бойынша жұмыс істеу керек дейді. Әр қалаған адам жаңа көлік сатып алып, Smart Satu қосымшасын орнатып, ыңғайлы маршрут бойынша тапсырыстарды орындау керек. Seedstars World сайысы кезінде жобаның жетекшілері Nestle мен PepsiСo компанияларының өкілдерімен кездескен болатын. Сол арқыла Smart Satu жаһандық нарыққа шығуға ынталы екендіктерін көрсетті.

Марғұлан Сейсембаевтың құйған инвестициясының арқасында жобаның жетекшілері Алматыдағы жұмысты күшейтіп, Мәскеуде кеңсе ашып қойды. Сонымен қатар, Белорусияда Smart Satu Lab жобалау кеңсесін іске қосты.

- Екі жыл ішінде Smart Satu арқылы көптеген тапсырыстар жасалды.Сондықтан жүйеде дистрибьютерлер мен өнім шығарушыларға арналған құнды ақпарат жинақталды. Мысалы, сүт өнімдерін шығаратын компания нарықтағы жағдайын зерттей алады.

Жобаны шығарушылардың тағы бір мақсаты - өнім шығарушылар мен дистрибьютерлерге арақашықтыққа қарамастан бір бірімен серіктесуіне ықпал ету. Smart Satu-дың отандық және ресейлік нарықтағы сәтті бастамасы - мәскеулік кәсіпкерлерге қазақстандық дистрибьютерлерді тауып, олардың өнімдерін Қазақстан нарығында ұсынуға мүмкіндік туғызады.

Smart Satu еліміздің 10 қаласында жұмыс істейді. Соған қоса ресейлік өңірлерде – Қиыр Шығыс, Краснодар өңірі, Самара облысы мен Карачаево-Черкессияда іске қосылуда.

- Бүгін тіпті ЕЭО аясында компаниялар көрші елдерден серіктестер табу үшін бюрократиядан көз аша алмай, нарыққа шыға алмай жатыр. Біздер жобамыздың блокчейн платформасында жұмыс істегенін қалаймыз. Бұл бизнестің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Кәсіпкерлер сенімділік деңгейі жоғары смарт-келісімдер жасасатын болады.

Болатбектің ойынша жинақталған үлкен ақпарат қоры арқылы көрші елдердің нарығына шығуға жеңіл болады. Шетелдік әріптестер аналитикалық ақпаратқа толы, жұмысы тексерілген дайын жобаға үлкен қызығушылық білдіру керек дейді Болатбек.

- Біз адам идеясының шексіз екендігін көрсеткіміз келеді. Және әлемнің қай елінде болсын жүрген Қазақстан азаматы «Smart Satu» деген сөзді естіген кезде, бұл жобаның отанымызда бастау алғанын білгенін қалаймыз.

Дайындаған

Айгүл ШЕРНИЯЗ, 

«Егемен Қазақстан»