• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Тамыз, 2017

Мысырда тұтқындалған алты азамат аман-есен елге оралды

212 рет
көрсетілді

Мысырда тұтқындалған қазақстандық алты азаматтың елге оралғаны туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне туыстары мен жақындарына бара жатыр», - деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында. Еске сала кетсек, осыған дейін Мысырда 6 студенттің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат жарияланып, кейінірек студенттердің Мысырдың құқық қорғау органында болғандығы анықталған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Мысырға ресми наразылық нотасын жіберген. 1 тамызда Мысырдың ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан елшілігімен хабарласып, алты азаматтың еліне қайтарылатынын хабарлаған. Қазақстандық алты азаматтың ол жақта не үшін ұсталғаны әлі белгісіз болып отыр.